Ерлермен иық тірестіре кәсібін дөңгелетіп отырған әйелдерге тамаша мүмкіндік! Петропавлда нәзікжандыларға арналған «Табыс Qyz» атты тегін оқыту курсы басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бастама облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салалық кеңестің қолдауымен жүзеге асты. Қатысушылар алдағы 25 күн бойы білікті оқытушылардан бизнестің қыр-сырын үйренетін болады.
Тегін курсты бастамас бұрын өңірдегі кәсіпкер әйелдер арасында іріктеу өткіздік. 10 азаматшаны іріктеп алынды. Нәзікжандыларға 21 тамызға бизнесті жүргізудің негізгі аспектілерін қамтитын 8 модуль негізінде оқудан өтеді. Білікті мамандар маркетинг, қаржы және жеке тиімділік сияқты маңызды бағыттар бойынша бар білгендерін үйрететін болады.
Оқыту курсының алғашқы модулі салықтық және бухгалтерлік есептің қыр-сырына арналды.
Оқыту курсы соңында қатысушылар арнайы құжат алады. Ол үшін сабақтардың 80 пайызына қатысу міндетті.