Петропавлда 49 жастағы ер адам 10 000 вольттық ток соққаннан кейін аман қалды. Ол екі ай бойы ауруханада ем қабылдап, төрт отаны бастан өткізді, деп жазады Qazaqstan Media.

Ер адам Петропавл қалалық көп бейінді ауруханасына ес-түссіз жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер жағдайын ауыр деп бағалаған. Келіншегінің сөзіне қарағанда, оны 10 000 вольттық ток соққан.

«Денесінің 35% терісін – кеудесін, арқасын, ішін, мойны мен табандарын күйік шалған.Тыныс алу жолдары да зақым алған. Мидың ісінуі дами бастаған. Ауыр дәрежедегі жарақат алу шогы»,-дәрігерлер оған осындай диагноз қойды.

Пациент шұғыл түрде реанимацияға жатқызылды. Оның өмірі үшін  күрес басталды. Мамандар оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосты. Барлық қажетті зерттеулер жүргізілді, емдеу тактикасы айқындалды. Ер адам бір ай жансақтау бөлімінде жатты. Оған төрт операция жасалды. Кейін тағы бір ай бөлімде ем қабылдады. Осылайша, ақ халаттты жандар ер адамды өлімнен арашалап қалды.

Жағдайы тұрақталғасын ол бірнеше күні бұрын  үйіне шығарылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да зейнеткер саңырауқұлақ теремін деп адасып кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *