Петропавлда № 1 қалалық емхананың филиалы ашылды

Республика күні қарсаңында Петропавлдағы «Жас өркен» ықшам ауданында №1-ші қалалық емхананың жаңа филиалы ашылды. Енді бұл емдеу мекемесі 34 мыңға жуық өңір тұрғынын қабылдайтын болады. Емхана заманауи технологиямен толықтай қамтамасыз етілген,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

№ 1-ші қалалық емхананың бұрынғы мекемесі 30 мың адамға шақталған. Алайда ол жерге 66 мыңға жуық петропавлдық тіркелген. Салдарынан емделушілер ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр болған. Ал жаңа емдеу мекемесінің ашылуы аталған проблеманы шешпек.

«Жас өркен» ықшам ауданы қаламыздағы жаңа әрі әлеуеті жоғары аудандардың бірі. Бірнеше жылда бұл жерде көптеген көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік, мәдени, спорттық  нысандар бой  көтеруде. Бүгін ашылып отырған емхана филилалы да енді тұрғындар игілігі үшін жұмыс істейтін болады», — деді емхананың ашылу салтанатына қатысқан Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Петропавлда № 1 қалалық емхананың филиалы ашылды

№ 1-ші қалалық емхананың жаңа филиалында барлық диагностикалық қызмет түрлері қолжетімді болмақ. Мұнда замануи талаптарға сай келетін рентген, флюорография, эндоскопиялық кабинет, функционалдық диагностика аппараттары бар. Емхана директорының сөзінше, енді өңір тұрғындарының арасында холтер қызметіне де кезек екі есеге азаймақ.

«Кейбір дәрігерлер жаңа емханада қабылдау жүргізеді. Және олардан басқа 57-ге жуық қызметкерді жұмысқа алатын боламыз. Ескі ғимараттың дәліздері, кабинеттері бәрі тар еді. Өте ыңғайсыз болған. Жаңа емханада барлық кемшіліктер ескеріліп, жаңаша салынған. Эхокардиография,  холтерға бізде кезек өте көп болатын. Әрі тұрғындар кезегін ұзақ уақыт күтетін. Бұл мәселе енді ешімін таппақ», — дейді № 1 қалалық емхананың директоры Николай Новиков

Петропавлда № 1 қалалық емхананың филиалы ашылды

Наталья Савельева «Жас өркен» ықшам ауданында тұрады. Емхананың  жаңа ғимараты үйіне қасында орналасқан екен. Тұрғын енді алысқа бармай, жақын жерден ем қабылдай алатындығына қуанып отыр.

«Емхананың үйіме жақын жерден ашылғаны жақсы болды. Енді алысқа сабылмай, жақын жерге тез жете қоямын. Ғимарат кең әрі жарық. Барлық заманауи құралдар бар екен. Енді медициналық қызмет түрлері қолжетімді болады түседі деген ойдамын», — дейді қала тұрғыны Наталья Савельева.  

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x