Петропавлда өзін газ баллонымен жарып жіберген қария көз жұмды

Петропавлда газ баллонымен өз үйін жарып жіберген 94 жастағы қария ауруханада көз жұмды. Бұл туралы СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

22-ші мамыр күні Петропавлда жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 94 жастағы қария зардап шеккен болатын. Кейін зейнеткер әйелімен жанжалдасып, үйіне төрт газ баллонын кіргізіп, әдейі от қойғаны белгілі болды.

Полицейлер аталған фактіге қатысты «өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жарылыстан кейін ауруханаға ауыр халде  жеткізілген қария мамырдың 25-інен 26-сына қараған түні ауруханада көз жұмды. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған болатын.

Тағы оқыңыз: Шаруаларға жеңілдетілген дизель отыны кестеге сай жеткізілмей жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x