Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, үй иесі көз жұмды. Баспанадағы оттың шығуына дұрыс сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.  

Петропавлдағы Воровской көшесіндегі үйлердің бірінен от шыққан туралы хабарлама 26 қарашада,сағат таңғы  04.25 минутта түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минутта жетіпті. Құтқарушылар келген кезде баспана ашық отқа оранып, жанып жатқан. Мамандар жылдам қимылдап, үйден ес-түссіз жатқан екінші топтағы мүгедек әйелді алып шыққан. Бірақ, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкелері оның қайтыс болғанын тіркеді.

«1982 жылғы келіншек ес-түссіз болды. Ол үй иесінің әйелі. Неден көз жұмғаны әлі анықталып жатыр. Өртті мамандар 20 минут ішінде ауыздықтап үлгерді. Баспананың шатыры, ас үй мен жатын бөлмесі, кіре берісі жанып кетті. Жалпы от 50 шаршы метр алаңды шарпыды», деп нақтылады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жаумен күреске 23 маман және 5 техника жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша от дұрыс сөндірілмеген темекі тұқылынан шыққан.

Тағы оқыңыз: «Қайда барғаныңызды түсінбей отырған шығарсыз»: СҚО әкімі аудан әкімінің жұмысын сынға алды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x