Петропавлда әскерилер президент жолдауын талқылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының магистранттары мен әскери қызметшілері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын талқылады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Іс-шара барысында жиналғандарға жолдаудың негізгі бағыттары түсіндіріліп, олардың маңызы жайлы айтылды. Жиынға Amanat партиясы «Болашақ» филиалының жауапты хатшысы Александр Зель, Петропавл қаласы ардагерлер кеңесінің орынбасары Иманғали Татваевта қатысты.

Петропавлда әскерилер президент жолдауын талқылады Петропавлда әскерилер президент жолдауын талқылады Петропавлда әскерилер президент жолдауын талқылады

«Ел азаматтарының конституциялық құқығын қорғап, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҚР ҰҰ әскерлерінің алдында тұрған міндет зор. Қала көшелеріндегі заң мен тәртіпті сақтау жолында жауынгерлік әзірлікті одан әрі күшейте түсу қажет.  Ол үшін Ұлттық ұланның әр әскери қызметшісі өзінің жеке жауапкершілігін арттырып, кәсіби шеберлігін пысықтап, заң мен тәртіпті қатаң сақтауды естен шығармаулары керек», — деді жиналғандар алдында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы кафедрасының бастығы Мұрат Шапашев.

Шара соңында магистранттармен мен келген қонақтар жолдауда айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды екендігін атап өтіп, өз пікірлерімен бөлісті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x