Петропавлда келіншегіне қол көтерген азамат сотталды. Ішімдікке тойып алған ер адам әйелінің басы, иығы мен жамбасынан ұрған, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға шілде айында болған. Полицияға петропавлдық келіншек жолдасынан зомбылық көрдім деп арызданған. Айтуынша, 37 жастағы күйеуі мас болып оны басынан, иығы мен жамбасынан ұрыпты.
«Бұған дейін де ер адам отбасылық өміріндегі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Учаскелік полиция инспекторлары материалды жинады, оның негізінде қылмыстық іс қозғалды. Сот ер адамға 25 тәулікке қамауға алу және мінез-құлыққа ерекше талаптар қою түріндегі жаза тағайындады», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу сияқты құқық бұзушылықтар қылмыстық кодекске көшірілгенін ескертеді. Енді кез келген күш қолдану үшін қылмыстық жауапкершілік бар.
Тағы оқыңыз: СҚО шаруалары орташа 18,6 ц/га астық алды