Петропавлда ұзындығы 2,5 шақырымдық бөгет құм салынған қаптардан тазартылды

AMANAT партиясының СҚОФ қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатаның белсенділері мен облыстық спорт басқармасының өкілдері «Ойқала» шағын ауданында тұрғызылған 2,5 шақырымдық бөгетті құм салынған қаптардан тазартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аталған шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы шеңберінде өтті. Оған 200-ден астам адам қатысты. Осы сынды жұмыстар әр апта сайын өткізілетін болады.

«Осы акцияға қатысқан спортшыларға өз алғысымды білдіргім келеді. Мұндай жұмыстар бөгет басында ғана емес, су тасқыны болған жерлерде де өткізіліп жатыр.  Аталған іс-шараға барлық спортшылар бір адамдай қатысты. Менің ойымша, бұл науқанға өңірдің әрбір тұрғыны үн қосуы керек», — деді «Қызылжар» футбол орталығының жетекшісі Вячеслав Колода.

Тағы оқыңыз:Елімізде несие беру тәртібі өзгереді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x