Петропавлда ұялы телефон қуаттағышынан өрт шықты

Петропавлда тоққа тағылған ұялы телефон қуаттағышынан өрт шығып, ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Петропавлдағы Орман шағын ауданында болған. От үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде тұтанған.

«Өрт салдарынан пәтер ішіндегі жиһаздар жанып кеткен. От тоққа тығылған ұялы телефон қуаттағышының қысқа тұйықталуынан шыққан. Құтқарушылар жылдам қимылдап, өртті сегіз минуттың ішінде сөндірді», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт кезінде 56 жастағы петропавлдық зардап шеккен. Иіс тиіп уланған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Тағы оқыңыз: Биыл елімізде көктемгі және күзгі дала жұмыстарына рекордтық ақша бөлінді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x