Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының 1 курс курсанттары салтанатты түрде ант қабылдады. Биыл әскери оқу ордасына 200-ден астам жас түскен, деп жазады Qazaqstan Media.

Елі мен жерін қорғап, Отанына адал қызмет етуге серт бергендердің бірі-көкшетаулық Нұрлан Боранбай. Ол Қарағанды қаласындағы Жас ұлан әскери мектебін бітірген.

«Бүгін мен үшін, отбасым үшін маңызды күн. Армандаған оқу орныма түсіп, әскери ант қабылдадым. Қазақстан Республикасына адал қызмет етемін деп сенімді түрде айта аламын. Әскери өмірдің қиындығына да, қызығына да шыдау керек. Мен оған дайынмын», — дейді курсант.

Ұлының таңдауын ата-анасы да қолдап, осынау маңызды күні Петропавлға арнайы келген.

«Әскери адам болу ұлымның қалауы. Өзі осы мамандықты таңдап, ниет білдірді. Қобалжу да, қимастық та бар. Енді тек амандығын, адал еңбек етуін тілейміз», — дейді анасы Марал Мардушева.

Салтанатты шара ауа райының қолайсыздығына байланысты, оқушылар сарайында өтті. Кең залға курсанттармен қатар, ата-аналары, жақын туыстары да келді. Барлығы да бозбалалардың ант қабылдау сәтін естелікке суретке түсіріп, қуаныштарымен бөлісуде. Курсанттанды облыс әкімінің атынан орынбасары  Жүсіп Жұмағұл құттықтады.

«Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық тәртіпті сақтауда алдыңғы қатарда. Оны мемлекет басшысы да атап өтті. Ұлттық ұлан ел тынышытығын қамтамасыз етуде ерен еңбек етіп келеді. Бүгін ант қабылдаған курсанттар да серттеріне адал болады деп ойлаймын», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кету керек, Ұлттық ұлан академиясы Қазақстан Республикасының барлық әскерлері мен әскери құралымдары үшін офицерлер даярлайды.

«Академияда ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын оқытушылар қатары магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарының түлектерімен толықтырылады.
Ұлттық ұлан академиясының жеке құрамы қаланың және облыстың қоғамдық-саяси, спорттық, мәдени іс-шараларына, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысады», — деп нақтылады әскери білім ордасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі тұрғындарды ертерек көмір сатып алуға шақырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x