Петропавлда үшем дүниеге келді

Петропавлда 35 жастағы келіншек үшем туды. Қазір жас ананың да, үш қыздың да жағдайы жақсы, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

17-ші қыркүйек күні Петропавлдағы облыстық перинаталдық орталықта Елизавета, Ангелина және Маргарита есімді үшем дүниеге келді. Аналары Юлия Ильяшенконың айтуынша, сәбилерін ол жеті жыл күткен. Қызым болса екен деп армандаған келіншек «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасына жүгінген.

«Үлкен ұлым бар. Жеті жаста. Оны да ЭКО арқылы босанған едім. Қыздарым да ЭКО арқылы дүниеге келді. Үшем дегенде басында абдырап қалдық. Бірақ мен егіз қыздарым болса деп армандайтынмын. Қазір төрт баланың анасымын. Жағдайымыз жақсы, ақырындап салмақ қосып келеміз», — деп өз сезімімен бөлісті Юлия Ильяшенко.

Жас ананың айтуынша, жүктілік те, босану процессі де ойдағыдай өткен. Жүктіліктің 35 аптасында оған жоспарлы түрде кесір тілігі жасалған.

«Үшемдердің де, анасының да денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ана сүтін еміп, салмақ қосуда. Туған кезде салмақтары екі кг шамасында ғана болды. Қыздар ширақ қозғалады. Биыл бұл бізде туған алғашқы үшем. Былтыр екі келіншек үшем туған еді. Барлығы да ЭКО арқылы бала көтергендер», — дейді облыстық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Сәуле Мұстафина.

Былтыр облыс бойынша 4204 сәби дүниеге келген, оның 62-сі егіздер. Биыл жыл басынан 2523 нәресте өмірге келсе, 34-і егіз.

Егіздер мен үшемдер көбіне жасанды ұрықтандыру жолмен жүкті болған келіншектерде болады екен.

Мемлекеттік «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы облыс бойынша 169 квота жүзеге асырылып, 30 келіншек ана атануға дайындалып жүр.

Сонымен қатар, салмағы төрт келіден асатын «алып» балалар да дүниеге жиі келеді. Биыл ең көп салмақты сәби 5630 кг болып туды. Ол да 17-ші қыркүйекте дүние есігін ашқан.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда патрульдік полиция қызметкерлеріне ишарат тілін білу міндеттелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x