Петропавлда құтқарушылар суға батып бара жатқан үш зейнеткерді құтқарып қалды. Оқиға Пестрое көлінде болған

Петропавлда құтқарушылар суға батып бара жатқан үш зейнеткерді құтқарып қалды. Оқиға Пестрое көлінде болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, тоғызыншы шілде күні Пестрое көлінде жүзіп келе жатқан катамаран аударылып қалған. Оны кезекшілік атқарып жүрген құтқарушылар байқап қалып, бірден көмекке асығады.

«Көлде қайыққа мініп кезекшілік атқарып жүрген құтқарушылар Қанат Өмірзақ пен Әсет Нұрғисов оларды бірден байқап қалып, көмекке барды. Олар судан 1951 және 1959 жылдары туған үш зейнеткерді құтқарып алып шықты. Олар құтқару жилеттерін киіпті. Денсаулықтарына зиян келген жоқ», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Кот-Д’ Ивауарлық футболшы «Қызылжар» клубында ойнайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x