Есірткіні дайындап, оны Telegram арқылы жарнамалаған 34 жастағы азамат сотталды. Петропавлдық енді 11 жылын темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өткен жылдың соңында полицейлер жабайы сора өсімдіктерінен 2,6 келіден астам марихуана және 53 граммнан астам гашиш дайындаған 34 жастағы петропавлдықты ұстады. Есірткі заттары оның жертөлесінен тәркіленген.
«Ер адам бұл есірткі заттарын Telegram мессенджері арқылы сатуды көздеген. Ол арнаны құрып, онда өзінің «тауарын» жарнамалауға кірісті, сондай-ақ басқа «есірткі дүкенінің» жарнамасымен бөліскен», — деп көрсетілген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған материалда.
Сот ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да экологиялық талаптарды бұзған үш аудан әкімі жауапкершілікке тартылды