Отбасы күніне арналған кезекті шара. Петропавлда жанұялар арасында қызықты сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сайыс басталмай тұрып нәзікжандыларға гүл шоқтары табысталды. Тартысқа қатысушы барлығы төрт отбасы ниет білдірген. Алғашқы кезеңде әр топ қазылар алқасына жанұя мүшелерін таныстырып, үйден әзірлеп әкелген тағамдарын ұсынды.

Петропавлда үлгілі отбасылар арасында сайыс өтті
Петропавлда үлгілі отбасылар арасында сайыс өтті

«Өзімнің бес балам бар. Кенжем колледжде оқиды, қалғандары жұмыста. Сол себепті, бүгінгі жарысқа немерлеріммен келдім. Қазіргі таңда жеті немере тәрбиелеп отырмын. Олар маған әрдайым көмектесіп, қолғабыс етеді. Бүгінгі тағамды да бәріміз бірге әзірледік»,- деді қала тұрғыны Қаракөз Богданова.

Келесі кезеңде қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылды. Олар жасырылған ертегі кейіпкерлерін табулары қажет. Бұл сайыста балалар белсенділік танытты.

Кейін аналардың шеберлігі сынға түсті. Нәзікжандылар ұсынылған заттармен қыздарына арнап алжапқыш тігу керек. Уақытта шектеу жоқ, тек әдемі әрі ыңғайлы болса болғаны. Айта кету керек, жанұялар арасындағы тартыс төрт кезеңнен тұрды.

Петропавлда үлгілі отбасылар арасында сайыс өтті
Петропавлда үлгілі отбасылар арасында сайыс өтті

«Бұл жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат — отбасы құндылығын дәріптеу. Осындай топтық сайыстар арқылы жанұля мүшелері бір-біріне одан әрі жақындай түседі. Балалардың ата-аналарына денен құрметі артады. Ал ересектер болса бір сәт күйбең тіршіліктен демалып, ұл-қыздарына уақыт бөледі»,- деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Дамир Әбдин.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жылдық қуаттылығы 39 мың тонна болатын тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталуға жақын

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *