Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты үгіттік материалды әдейі бүлдіру фактісі бойынша, жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады. Көрнекі ақпаратқа зиян келтірген азаматшаға 60 мыңға жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
А. есімді азаматша Назарбаев көшесіндегі аялдама маңында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидатқа қолдау ретінде пилонға ілінген үгіттік плакатты әдейі бүлдірген. Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2025 жылдың 14 қазанында болған. Салдарынан плакат толықтай жарамсыз күйге түскен.
Істі қарау барысында сот оқиғаға қатысты фото және бейнематериалдарды, сондай-ақ құқық бұзушылықты мойындаған тұрғынның жазбаша түсініктемесін зерттеген.
Нәтижесінде сот А.-ны кінәлі деп танып, оған 58 980 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді.
Тағы оқыңыз:

