Петропавлда «Қыс-2023» оқу-жаттығулары өтіп жатыр

Петропавлда «Қыс-2023» атты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Басты мақсат — мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға қаншалықты дайын екенін анықтау, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қыс мезгілінде тұрғындар жылу үшін ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жылыту құралдарын пайдаланады. Салдарынан электр желісінің шамадан тыс жүктелуінен пәтерлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына дер кезінде барып, тұрғындарды эвакуациялады. Оқу жаттығулар дәл осындай сценариймен өтіп жатыр.

«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері осы іс-шараға жұмылдырылды. Оның ішінде «Қызылжар су» компаниясы, жылу желілері, қалалық газ қызметкерлеріде көмек қолын созды. Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты – барлық азаматтық қорғау қызметтерінің, өрт сөндіру қызметінің, облыстық ішкі істер департаментінің дайындығын тексеру», — деді СҚО ТЖД бас маманы Марина Самойленко.

Оқу-жаттығу жиыны барысында «Қызыл ай» қоғамы облыстық филиалының қызметкерлері зардап шеккендерге көрпелер мен жылы заттар таратып, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Тұрғындардың бір бөлігі интернат базасында орналасқан эвакуациялық қабылдау пунктіне көшірілді.

«Өрт 5-ші қабатта болды. Түтін бомбасын қолдандық. Бір топ отты ауыздықтаса, екіншілері зардап шеккен жандарды эвакуациялады. Ең қиыны 5-ші қабаттағы тұрғындарды құтқару болды. Сол себепті біз автосатыны қолдандық. Сонымен қатар құтқару секіру пневматикалық құрылғысында іске қостық. Оқу-жаттығу шарасына нөмірі 3 ӨСБ-нің жеке құрамы, 4 бірлік техника, және «Қызылжар Су», «Севказэнерго» серіктестіктері  жұмылдырылды», — деді Петропавл қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Самбет Омаров.

Оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңінде арнайы мамандар үйдің су және жылу жүйелерінің бұзылуымен күресті. «Қызылжар су» ЖШС және жылу желілерінің авариялық бригадалары құбырларды ауыстырып, дәнекерлеу және жедел-жөндеу жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар зақымданған жерлерді қалпына келтірді. Айта кетейік, бұндай оқу-жаттығу жиындары облыс аудандарында да өтті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 25 қараша күні ауыл шаруашылығы  жәрмеңкесі болмайды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x