Петропавлда кісі өлтірмек болған ер адам Армениядан экстрадицияланды. Бірнеше рет істі болған азамат енді өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media.  

Күдікті 2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында ер адаммен жанжалдасып, оны пышақтап тастаған. Нәтижесінде көп қан жоғалтқан Тимирязев ауданының тұрғыны қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Пышақ оның мойыны, кеуде тұсы мен иығына кірген. Ол ұзақ уақыт бойы ауыр халде ауруханада жатты. Дәрігерлер оның өмірін ажалдан арашалап қалды.

Ал қылмыс жасаған азамат ізін жасырған. Кейін оның Ресей арқылы Арменияға кеткені белгілі болды.

«Өткен жылдың қазан айында ол Армения аумағында ұсталған. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армения Республикасындағы елшіліктің көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын кісі өлтіруге оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ереваннан экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған», — делінген Бас прокуратура ұсынған ақпаратта.

Енді оның мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы не өмiр бойына түрмеге отырғызылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қос азаматтығы бар ер адамға айыппұл салынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *