Петропавлда қосулы қалған электр плита өрттің шығуына себеп бола жаздады  

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде электр плитадан өрт шыға жаздады. Пәтер иесі тамақты отқа қойып кетіп, ол қатты түтіндеп, көшілер өрт сөндірушілерді шақырған, деп жазады Qazaqstan Mediа.

10-шы шілде күні түскі уақытта 101 номеріне Жамбыл көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден қою түтін шығып жатқаны туралы хабрлама түседі. Тұрғын үй кешені болғандықтан оқиға орнына бірден күшейтілген өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмылдырылады.

«Хабарлама түскеннен кейін бірден 43 маман және 12 арнайы техника оқиға орнына жетті. Түтін бесінші қабаттан  шығып жатты. Кейін анықталғандай, пәтер иелері электр плитаны қосып, үстіне тамақ қойып кеткен екен. Пәтерден қою түтін шыға бастағанда көршілер дабыл қаққан. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, өрттің алдын алу мүмкін болды», — деп нақтылады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда үш зейнеткер суға батып кете жаздады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x