Петропавлда қоғамдық көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жол апатына себепші болды. Адам шығыны болмаса да, екі жеңіл көлікке зақым келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жол апаты облыс орталығындағы Әуезов көшесінің бойында орын алды. Әлеуметтік желіде тараған бейне жазбадан өз бағытымен келе жатқан қоғамдық көліктің жолдың қарсы бағытына шығып кеткенін анық көруге болады. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан автомобильмен соқтығысып, жеңіл көлік аударылады. Кейін оның соңында келе жатқан екінші машина да соғылады. Облыстық ПД-ның мәліметінше, көліктерге механикалық зақым келген. Адамдар дін аман.
«Жол-көлік оқиғасынан кейін Петропавл қ. полиция басқармасының қызметкерлері жолда жүру ережесін бұзу фактісі бойынша материал жинап жатыр. Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың ешбірі медициналық көмекке жүгінген жоқ»,- деп нақыталды СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: 11-ші шілде күні СҚО-да бұршақ жауады