Петропавлда кезекті жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 56 жастағы жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Келеңсіз оқиға төртінші тамыз күні орын алған. 23М қоғамдық автобусы мен «Mitsubishi» автокөлігі соқтығысып, салдарынан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан жаяу жүргінші әйел зардап шекті. Яғни, нәзікжандыны қағып кеткен.

Зардап шеккен әйел бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін оның омыртқасы мен жамбас сүйегі бірнеше жерден сынғаны анықталды. Науқас тиісті ем-дом қабылдап жатыр.

Сараптама көрсеткендей екі жүргізуші де ішімдік ішпеген. Қазіргі таңда жайсыз жайттың мән-жайы анықталуда.

Тағы оқыңыз: Петропавлда зейнеткер гаражда бояу иісінен уланып, ауруханаға түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *