Петропавлда «Қазақстан халқына» қоры есебінен 100 үй салынады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоры арасында «Солнечный – 2» шағын ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 100 тұрғын үй салу туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Солнечный – 2» шағын ауданында қысқа мерзімде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін дайын инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.

Бұған дейін қордың қамқоршылық кеңесі еліміз бойынша үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекіткен болатын. Қосымша бұл мақсатқа 1-30 сәуір аралығында жиналған ерікті қайырымдылықтардан түскен қаражат бағытталатын болады. 24 сәуірдегі көрсеткіш бойынша қордың шоттарына 2,9 млрд теңге түсті.

Тағы оқыңыз:Петропавлда үш мыңнан астам адам гуманитарлық көмек алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x