Петропавлда қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының 29-шы республикалық фестивалі басталды,деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавлда қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының 29-шы республикалық фестивалі басталды. Фестивальге сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен 10 театр қатысады. Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды. Фестиваль бағдарламасы бойынша қойылымдар 9-15 қазан күндері аралығында С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театры мен Н.Погодин атындағы орыс драма театрының сахналарында өтеді.
Фестивальдің ашылу салтанатына орай Петропавлға ҚР Халық әртісі, театр мен кино өнерінің тау тұлғасы, режиссер – Асанәлі Әшімов те келді. Фестиваль аясында қойылымдарға кіру тегін болады