Бір апта ішінде Қазақстанда қанттың бағасы күрт өскен. Бұл туралы DataHub_FCBK сараптамалық арнасы «Бірінші кредиттік бюроға» сілтеме жасап жазған. Тауар бағасы көтерілген қалалардың арасында Петропавл да бар, деп хабарлады Qazaqstan Media.

25-ші ақпан мен төртінші наурыз аралығында елімізде қант бағасы 1,4 пайызға өскен. Мұндай бағаның өзгеруі 2024 жылдың сәуірінде орын алыпты. Ал оған дейін 2022 жылдың тамызында тіркелген.

Қалалар бойынша қант бағасы Петропавл, Павлодар және Өскеменде ең көп қымбаттаған. Бір аптада 3,4 пайызға көтерілген.

«Жалпы ҚР-да қол жетімді тазартылған қанттың көп бөлігі шетелден, негізінен Ресей Федерациясынан келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өнімнің ресурстардағы үлесі-26%. Бірақ, 2024 жылдың екінші жарты жылдығында қант бағасы тұрақты болды. Бұл биыл да жалғаса ма, жоқ па, белгісіз. Әзірге тауардың құны қаңтар айының ортасынан өсіп жатыр», — деп жазды DataHub_FCBK.

Тағы оқыңыз: Жауапкершілік, жанашырлық, кәсібилік: УЗД дәрігерімен сұхбат

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *