Петропавлда мас болған қала тұрғыны өз-өзін пышақпен жарақаттамақ болған. Оны қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев аман алып қалды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға 20-шы ақпан сағат 07:00 шамасында болған. Қаланың дәмханалардың бірінде екі ер адам мас болып, тәртіпті бұза бастаған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін оқиға орнына жақын жерде жүрген патрульдік полиция келіпті. Шу шығарғандардың біреуіне самбо әдістерін қолданып, қолына кісен салынады. Ал, екіншісі ашу үстінде өзінің тамағына пышақ тақап, өз-өзіне қол жұмсаймын деп қорқытады.
Оқиға орнына қосымша күш пен қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев та келді. Тәжірибелі офицер жанжалқоймен келіссөздер жүргізе бастап, ызыланған тұрғынды тыныштандырады. Қолындағы пышағын жерге тастап, кейін полицейлердің талабымен қызметтік көлікке отырды
«Қазіргі уақытта ұсталған ер адамдардың екеуі де полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін бес тәулікке қамауға алынды. Әкімшілік жазаларын өтеп жатыр. Олардың қалған әрекеттеріне бөлек құқықтық баға берілмек»,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да елді мекендерден 650 мың текше метр қар шығарылған