Петропавлда қаңғыбас жануарларға арналған паналау орталығын ашуға қаражат жоқ. Жалпы нысан 500-ден астам ит-мысыққа шақталған болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қаңғыбас иттер қай кезде болмасын адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Егер қауып алса, түрлі ауру жұқтыруы ықтимал. Бұл жануарлар жыл сайын көбейіп жатыр.

Аталған мәселені шешу мақсатында Петропавлда иесіз жануарларға арналған паналау орталығы ашылады. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Наталья Тараканов «AMANAT» партиясының облыстық филиалында өткен отырыста айтты.

«500 ит рен 30 мысыққа арналған нысаннаң жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Бірақ, әзірге қаржы бөлінген жоқ. Биыл басқарма 300 ит-мысыққа вакцина салу мен стерилизация жүргізуі тиіс болатын. Жоспар 90 пайызға орындалды», — деді Наталья Тараканова.

Тағы оқыңыз: Петропавл ЖЭО-да қоймасында 169 мың тонна көмір бар

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *