Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 51 жасар ер адам көмекке жүгінген. Жөндеу жұмыстары кезінде оның құлақ сыртына шеге кіріп кеткен, деп жазады Qazaqstan Media.

Құрылыс жөндеу жұмыстары кезінде шегеге арналған пневматикалық құралдың шегесі ер адамынң  құлақ сыртына қадалыпты. Рентген-зерттеуден кейін шегенің омыртқаның мойын бөлігінен өткені анықталды. Тұрғынның көрер жарығы бар екен – өміріне маңызды органдары зақымдалмапты.

«Жақсүйек-бет хирургтары сүйектен шегені алып, жараны өңдеді. Жара тігіліп, стерильді таңғыш салынғаннан кейін пациентке ұсыныстар беріліп, ол үйіне жіберілді. Мойын тұсына жарақат алу өте қауіпті. Мойынның маңайынан үлкен тамырлар, нервтер, тыныс алу жолдары және жұлын өтеді. Тіпті кішкене ғана зақым алудың салдары ауыр болуы мүмкін еді»,-дейді дәрігерлер.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ауқымды ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *