Боз кілемде белдескен, татамиде тебіскен жандардың қол-аяғы — суық қару. Бұл жайлы Петропавлдағы оқушылар сарайында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Спортшы — салауатты өмір салтын сақтайтын, жарыстарда өнер көрсететін, көпкі үлгі болатын адам. Ол өзінің қарым-қабілетін көпшілік ортада қолданбауы қажет.

Петропавлда құқық қорғау органдары спортшылармен кездесті
Петропавлда құқық қорғау органдары спортшылармен кездесті

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, заңды сақтау — мемлекеттік саясаттың басты бағыты және елдің тұрақты дамуының маңызды шарты. «Заң және тәртіп» қағидаты — ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып бекітілген және ол тек жазалау шараларына емес, құқықтық мәдениетті дамытуға да негізделген. Біз қауіпсіз орта қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін әрқайсысымыз заңға бағынуымыз керек», — СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов.

«Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, арамыздан тәртіпсіз тұлғалар табылады. Соңғы 10 жыл ішінде өңірде спорт қауымдастығының өкілдері тарапынан 49 қылмыстық іс тіркелген. Қадағалаушы орган өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, олардың ішінде тұрмыстық сипатта өрбіген жағдайлар да бар.

Петропавлда құқық қорғау органдары спортшылармен кездесті
Петропавлда құқық қорғау органдары спортшылармен кездесті

«Спорт шеберлері» мен спорт саласында қызмет атқаратын азаматтардың басым бөлігі әкімшілік құқық бұзушылықтар, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бойынша жауапқа тартылған. Мұндай жағдайлар спорттың беделіне және оның одан әрі дамуына кері әсерін тигізеді. Спортшылар өздерінің күш-қуатын, спорт арқылы жинаған тәжірибесі мен білімін тек ізгі істерге жұмсауы керек», — деді СҚО прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау Алмаз Асаинов.

Жаманнан тыйылып, жақсыдан үйренетін күн жетті. Алқалы кеңес соңында прокурорлар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жанынан Қоғамдық кеңес құруды ұсынды. Бұл ұйым салада болуы мүмкін бұзушылықтардың алдын алумен айналысуы қажет.

Тағы оқыңыз: СҚО-да басқарма басшысының орынбасары бес жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *