Бірінші қазан — Халықаралық қарттар күні. Айтулы мереке аясында Петропавлда аға буын өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға бір ай бойы түрлі көмек көрсетілетін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлда бірінші қазаннан бастап қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы басталады. Қала әкімдігі өңір тұрғындарын қайырымдылық акцияларына белсенді қатысуға шақырады. Облыс орталығында бірінші қарашаға дейін аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге арналған түрлі шаралар өтпек.
Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығын бірінші қазан күні қалалық мәдениет үйінде өтетін мерекелік концерт ашады. Бір ай бойы кәсіпорындарында түрлі би кештері өтеді. Одан қалды, 30-қазан күні облыстық ауруханада жас таланттардың байқауы ұйымдастырылады.
Білім беру мекемелері де айтулы датаны ұмыт қалдырмаған. Екінші және 8 қазан аралығында қала мектептерінде Ұстаздар мен Қартар күніне мерекелік концерттер өтеді. Сонымен қатар, 30-шы және үшінші қазан арасында «Ардагер ұстаздар» атты музейлік сабақтар ұйымдастырылады.
Алдағы бір ай ішінде қалалық емханаларда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін дәрігерлік кеңестер беріледі. Сонымен қатар, оларға арнап спорттық көрсетілімдер мен таза ауадағы жаттығулар ұйымтастырылады. Бірінші қазан күні қарттар қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Тек кондукторға жеке куәліктерін көрсетсе болғаны.
Тағы оқыңыз: Петропавл әкімдігі тұрғындарды қарттар мен мүгедектерді қолдауға шақырады