Петропавлда рұқсат құжаттарынсыз, лицензиясыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз сегіз қабатты үй салынып жатыр. Бұл заң бұзушылықтар көршілердің шағымы арқылы анықталды. Егер сот «заңсыз» деп тапса, бұл көпқабатты үй сүрілуі мүмкін. Бұл Петропавлдағы заңсыз салынып, сүрілген алғашқы құрылыс нысаны болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Біз армандаған аудан…

Қала шетіндегі Борки ықшам ауданында соңғы жылдары құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Алдымен мұнда таунхаустар, кейін бесқабатты үйлер пайда болды. Бірінде тұрғындар өткен жылы қоныс тойын тойлады. Енді олардың үйлерінің дәл қасынан тағы бір көпқабатты баспана бой көтеріпті.

Петропавлда құрылысы жүріп жатқан сегіз қабатты үй сүрілуі мүмкін
Петропавлда құрылысы жүріп жатқан сегіз қабатты үй сүрілуі мүмкін

«Жаңа үйді бізге тым жақын салып жатыр. Төменгі қабаттағылар қазірдің өзінде күндізгі жарықтың жетпей жатқанын айтып шағымдануда. Ал ол үйдің әлі тек қаңқасы ғана тұр», – дейді «Рибат-1» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Сабыржан Смағұлов.

Зейнеткер өткен көктемде жаңа үйден пәтер сатып алыпты. «Таза ауада немерелерімді қыдыртамын» деп армандаған екен. Бірақ енді бұл аудан тас джунглиге айналып барады.

«Қабырғаларды тұрғызған кезде біз мүлдем күндізгі жарық көрмей қаламыз. Әсіресе терезесі бір жаққа ғана шығатындарға қиын болады», – деп алаңдайды ол.

Жергілікті тұрғындар тіпті: «Қолыңды терезеден шығарсаң, көршімен амандасып, тұз сұрауға болады», – деп қалжыңдайды.  Олар үнсіз қалмай, барлық тиісті мекемелерге  шағымданып, адвокат жалдаған.

Петропавлда құрылысы жүріп жатқан сегіз қабатты үй сүрілуі мүмкін
Петропавлда құрылысы жүріп жатқан сегіз қабатты үй сүрілуі мүмкін

Құжат жоқ, құрылыс бар

«25 шілдеде бізге «Рибат-1» тұрғындары арыз жазды. Онда жаңа үйдің тым жақын салынғанын айтып, күндізгі жарық пен өрт қауіпсіздігі аралығы сақталмағанын көрсеткен», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басқармасының басшысы Владислав Лукин.

Жер телімі «Петромассив» ЖШС-не тиесілі. Мақсаты – көпқабатты тұрғын үй салу. Эскиздік жоба бар, бірақ құжаттарда сәйкессіздік шыққан.

Сәулет-құрылыс басқармасы тексеруі кезінде  компанияда құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік лицензияның жоқтығы анықталды. Жобалық-сметалық құжаттама жоқ, құрылыс басталғаны жөнінде хабарлама берілмеген, сараптама қорытындысы да жоқ. Техникалық және авторлық қадағалау келісімдері жасалмаған.

«Бұл – құрылыс процесінің ең өрескел бұзылуы. Біз компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартып, сотқа бердік. Олар жерді бастапқы күйіне келтіріп, үйді сүруі тиіс», – дейді Лукин.

Істі созу әрекеті

14 тамызда құрылыс жұмыстары 90 күнге тоқтатылды. Бірақ компания қарап отырмай, керісінше басқармаға қарсы сотқа арыз берді. Олар тексеру актісін жоюды талап етуде.

Сот уақытша басқарманың сүру туралы талабын қайтарып алуын «ұсынды». Бұл істі созу тәсіліне айналды.

Дегенмен көрші тұрғындар мен мамандар әлі де бұл үйдің бұзылатынына сенеді. Егер сот шынымен сүру туралы шешім шығарса, бұл Петропавл үшін заңсыз құрылысты жоюдың алғашқы тәжірибесі болмақ.

«Құрылыс заңда көрсетілген құжаттарсыз жүргізілді. Бұл нысан бойынша жалғыз шешім – сүру», – деп әзірге сенімді мәлімдеді сәулет-құрылысы басқармасының басшысы.

Сонымен бірге ол жобадағы басқа да бұзушылықтарды атады: үйдің осьтік орналасуы 13 метрге ауытқыған, арақашықтық нормасы сақталмаған. Құрылыс нормалары бойынша үйлердің арасы кемінде 36 метр болуы тиіс, ал мұнда – 23 қана.

Өзі қожа, өзі би

Бұл Петропавлдағы жалғыз жағдай емес. Мәселен, 19-ықшам ауданда басқа компания да заңсыз құрылыс бастаған: бесқабатты үйді тұрғызбақ болған. Бірақ жұмыстар екінші қабатта тоқтатылған.

Жауапты басқарма кез келген уақытта өздігінен тексере алмайды. Міндетті түрде тұрғындардан немесе заңды тұлғалардан арыз түсуі керек. Қазір облыстағы 600-ге жуық құрылыс нысанының тек 24-і ғана тексеріліп жатыр.

Яғни тұрғындар шағымданса ғана шара қолданылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның бірнеше ұстазы «Ауыл» партиясынан марапат алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *