Петропавлдағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 230 шақырымды құрайды. Олардың 75 пайызы тозған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл жылу желілерінің 2,4 шақырымын жөндеу жоспарланған. Алайда олардың тек 1,8 шақырымы жаңартылған. Бұл туралы бүгін өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков айтты.
«Келер жылы Петропавлдағы жылу желілерін жөндеуге 4,2 млрд теңге қаражат бөлінеді. Барлығыңыз білесіздер, жекеменшік жылу желілері де бар. Олар үшін мемлекет тарапынан субсидия бөлініп, қолдау көрсетіледі. Олардың шығындарының 50 пайызын мемлекет өтейді. Сол себепті, жекеменшік иелері де өз белсенділіктерін көрсетіп, желілерді жаңарту керек»,-деді Азамат Бейісбеков.
Тағы оқыңыз:Инфрақұрылымның жоқтығынан кәсіпкерлер зауыттың құрылысын бастай алмай отыр