Петропавлда мамырдың бесі ірі жол апаты болып, төрт адам қайтыс болған еді. Бүгін зардап шеккен тағы бір азамат ауруханада көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетсек, мамырдың бесі Петропавлда ГАЗель мен Mercedes соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кеткен еді. Жол апатынан тағы екі адам зардап шеккен. Дәрігерлер олардың бірінің жағдайын ауыр деп бағалаған болатын. Бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан 39 жастағы ер адам бүгін ауруханада қайтыс болды.

«Оның бет, мойын, арқа және жоғарғы аяқ-қол бөліктері күйіп қалған. Күйік көлемі дене бетінің шамамен 40 пайызын құрайды. Науқастың жағдайы травматикалық шокпен (I–II дәрежелі) асқынған. Бұдан бөлек, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, сүйек-буын және жұмсақ тін жарақаттары бар. Сонымен қатар, бірнеше қабырғасы, омыртқасы, сол қолы мен оң жамбасы сынған», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал жол апатынан зардап шеккен 32 жастағы ер адам қалалық көпбейінді аурухананың травмотология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның  жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп отыр.

Тағы оқыңыз: Пәтерінде ауырып жатып қалған қария құтқарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *