Полицейлер 2025 жылғы ауқымды рейдті Жұмысшы кентінен бастады. Нәтижесінде бір күнде олар 60-тан астам заң бұзушылықты анықтады, деп жазады Qazaqstan Media.

Жұмысшы кентінде бұрын сотталған – 25, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған – 23, маскүнемдікке салынған – 20 адам, төрт отбасылық жанжалқой мен есепте тұрған тұлғалар бар. Олардың барлығы тексерілді. Рейдтің бірінші күнінде қоғамдық жерде мас күйінде пайда болғаны үшін бес адам, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жеті адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы түрлі 63 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ полицейлер азаматтық қарулары бар 15 адамды тексерді. Үшеуінде сақтау шарттарының немесе қайта тіркеу мерзімдерінің бұзушылықтары анықталды. Бұзушылықтар жойылғанға дейін төрт бірлік аңшы қаруы тәркіленіп алынды.

«Полицейлер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды назардан тыс қалдырмады. Оларға уақыт бөліп, көмек қолын созды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың алдын алып, жадынамалар таратты, қаскөйлердің негізгі айла-тәсілдерін түсіндірді»,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа командирі тағайындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *