Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі жабылмайды

Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан колледжі жабылмайды. Бұл туралы бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қазіргі уақытта жеке меншік колледждің құрылтайшысымен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде, 2024-2025 оқу жылында студенттер оқуды дәл осы білім ордасында жалғастырады. Қазіргі уақытта бұл колледжде 310 студент білім алып жатыр. Оның 240-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша.

«Жаңа оқу жылында басқа колледждер де мамандықтар бойынша лицензия алу жұмыстарын бастайды. Егер, болашақта аталмыш оқу орны жабылып қалса, студенттер басқа оқу орындарына ауыстырылатын болады. Егер тіпті бұл колледж студенттері басқа жаққа ауысамын десе де олардың мемлекеттік гранттары сақталады. Педагогтар да оқу жылында өз жұмыстарын бастайды. Ешқайсысы жұмыссыз қалмайды»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова.

Колледж ұжымы да биылғы оқу жылында білім ордасы нақты жабылмайтынын айтты. Ата-аналарға еш уайымдауға себеп жоқ.

«Колледж осы оқу жылында өз жұмысын жалғастырады. Құрылтайшымен білім басқармасы келіссөз жүргізді. Жалпы соңғы жылдары колледжде коммерциялық топтарға түсушілер саны азайған болатын. Биылғы жаңа оқу жылына да талапкерлерді қабылдауды бастаған едік. Бірақ соңғы жаңалықтарға байланысты көбісі құжаттарын қайта алып кетті»,- деді Солтүстік Қазақстан колледжі директорының м.а. Болат Бәйкенов.

Айта кетейік, облыста 24 колледж бар. Олардың 19-ы мемлекеттік қалған бесеуі жекеменшік білім ордалары.

Тағы оқыңыз:Тимирязев ауданында балабақшалар мен мектептер жөнделуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x