Петропавлдағы Солнечный-2 шағын ауданына мемлекеттік тапсырыс бойынша 204 тұрғын үй салынған болатын. Алайда қазір бұл жердегі көшелерінің жартысында жарық жоқ. Бұл туралы аудан тұрғындары Qazaqstan Media тілшілеріне хабарласып, өз шағымдарын жеткізді.
Солнечный-2 шағын ауданы тұрғындарының сөзінше көшелерде арнайы бағандар мен шамдар қойылған. Бірақ жарық жоқ. Нақтырақ айтқанда, жарық шағын ауданның бір бөлігінде ғана бар. Тұрғындардың шағымы бойынша Петропавл қалалық құрылыс бөліміне арнайы сауал жолдадық. Мамандардың сөзінше, көшені жарықтандыру арнайы әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орнатылған.
«Солнечный — 2 шағын ауданында жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жол төселді. 2023 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізді.Шағын аудандағы көшені жарықтандыру жұмыстары да арнайы құжаттамаға сай жүргізілді», -деді Петропавл қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Максим Сизов.
Жалпы, Солнечный — 2 шағын ауданында 1120 бос учаске болған. Оның 700-і су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінді. Айта кету керек, бұл Бірлік шағын ауданында көше жарығы бар. Қазіргі уақытта Южный шағын ауданында 939 учаске бар. Мамандардың сөзінше, жер учаскелері инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріліп бастайды екен. Және Солнечный шағын ауданында мектеп, балабақша мен дүкендер және қоғамдық объектілердің құрылысы да қарастырылған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жылыту маусымына дайындалу үшін үш миллиард теңге бөлінді