Петропавлдағы саябақтардың бірінде 31 жастағы келіншектің денесі табылды. Ағашқа асылып тұрған әйелді таңертең серуендеп жүрген қала тұрғындары анықтаған, деп жазады Qazaqtan Media тілшісі.
Оқиға 26-шы қаңтар таңертең болған. Келіншектің ағашқа асылып тұрғанын алғаш болып саябақта серуендеп жүрген тұрғындар көріп, полицейлерге хабарлаған. Сол маңнан оның сөмкесі мен жеке заттары табылды. Алдын ала болжам бойынша марқұм өз-өзіне қол жұмсаған.
«Келіншек өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырыпты. Онда өліміне ешкімді кінәламауды сұраған. Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп нақтылады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО құтқарушылары жолда қалған Латвия азаматына көмектесті