Жазғы демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін қазір түрлі лагерьлер мен үйірмелер бар. Облыс оқушылары үшін оған қоса Оқушылар сарайы ұсынған жазғы академия да жұмыс істейді. Бүгінде жазғы академияға оқуға қабылдау басталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Жыл сайын Оқушылар сарайы балалар үшін жазғы академия ұйымдастырып келеді. Ол өңір оқушыларының зияткерлік және шығармашылық демалысы үшін таптырмас орын. Биыл алты жастан 18 жасқа дейінгі екі мыңнан астам бала қызықты сабақтармен қамтылады деген жоспар бар.
«Жазғы академия-бұл бос уақытты дамытудың заманауи форматы. Ол оқытуды, ойынды және белсенді әлеуметтік ортаны біріктіреді. Бағдарлама балалардың интеллектуалды, эстетикалық және жеке дамуына бағытталған. Сондай-ақ қауіпсіз, пайдалы және қызықты демалу үшін жағдай жасау. Негізгі мақсат-тұрғылықты жеріне қарамастан, әр бала үшін қауіпсіз, мазмұнды жазғы демалысты ұйымдастыру», — деп хабарлады оқушылар сарайында.

Әдіскерлер жазғы оқытуға тек Петропавлдан ғана емес, аудандардан және басқа облыстардан да балаларды қарсы алатындарын айтты. Академияда алты маусым алты тақырыппен өтеді. Олардың әрқайсысы қайталанбайды және бірегей бағдарламасы бар. Бала өз қалауы бойынша бірнеше маусымға қатыса алады.
Маусымның тоғызы мен 20-ы аралығында «ART Әлем», одан кейін «Бионик» атты маусым ашылады. «Пиксель» атты маусым шілденің сегізі мен 19-ы аралығында болады. Сонымен қатар, «Happy holidays» маусымы шілденің 21-нен тамыздың бірі аралағында ұйымдастырылады. «Дарын Life» маусымы тамыздың төртінен басталады. Соңғы маусым — «ART әлем». Ол тамыздың 18-19 аралығында өтеді.
Жазғы академия аясында оқушылар сарайында 102-ға жуық іс-шара ұйымдастырылады. Бұл олимпиадалар, жарыстар, конкурстар, зияткерлік ойындар, практикалық сабақтар, шеберлік сыныптары. Сонымен қатар шығармашылық зертханалар, квиздар, экскурсиялар және ғылыми жобалар бар.
Тағы көріңіз: СҚО-да биыл «Жаңажол» өткізу пункті жөнделеді