Жұмағали Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері бір кісідей Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады. Бұл әсіресе, болашақ дәрігерлер үшін аса маңызды болып табылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында медициналық мекемелер желісін нығайту, көпбейінді ауруханалар салу және жөндеу мәселесін көтерді. Бұл — қазіргі таңдағы ең өзекті түйткілдердің бірі.

Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Ал қалалы жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылды. Мысалы, Астанада онкология орталығы, Алматыда Жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды»,- деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс деді. Бұл бастаманы медициналық колледж ұжымы дұрыс деп санайды.

«Бәсекеге қабілетті болуымыз үшін салаға ЖИ мен цифрлық технологияны енгізуіміз қажет. Осы арқылы адамдар үйден шықпай-ақ біраз шаруа тыңдыра алады. Сонымен қатар, медицина саласында да цифрлық технология енгізіліп жатыр. Біз болашақ мамандарды соған икемдеп дайындап шығарамыз»,- деді медициналық колледждің әдіскері Әсемгүл Бектұрғанова

Тағы оқыңыз: Президент бір палаталы парламент құруды ұсынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *