Ж. Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ұжымы мектептерді аралап жүр. Олар кәсіби бағдарлау шарасы аясында 36 оқу ордасында болған. Келешекте аудандарды аралауды жоспарлап отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ж. Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдарлау шарасын өткізуде. Олар облыс орталығындағы барлық орта білім беру мекемелерінің 9-11сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

«Біз осы күнге дейін 36 мектепте оқушылармен кездестік. Шамамен 2000 баланы қамтыдық. Алдағы уақытта аудандардағы білім ордаларына баруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, оқушыларға колледжге экскурсияларды да ұйымдастырамыз. Мұның барлығы балалардың мамандық таңдауына септеседі деген ойдамын», — деді емдеу ісі бөлімінің меңгерушісі Наталья Богач.

Бұл жолы медицина саласын таңдаған жастар мен педагогтар 17 ұлттық өркендеу мектебінде болды. Олар колледж тарихы және мамандықтар жайында айтып қана қоймай, алған тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, балалар манекенге жасанды тыныс алу шараларын студенттермен бірге жасады.

«Кәсіби бағдарлау шаралары бізге болашақ мамандығымызды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бүгін медициналық колледж ұжымы келді. Өте пайдалы ақпарат берді. Болашақта медицина саласын таңдауым да мүмкін. Себебі, олар әрдайым сұранысқа ие», — дейді мектеп оқушысы Салих Сейілхан.

Бүгінгі таңда медициналық колледж медбике ісі, стамотолог, фельдшер, акушер және зертхана ісі бойынша мамандар дайындайды.

Тағы оқыңыз: Денесінің 60-70% күйік шалған: СҚО-да газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *