Халықаралық қарттар күнінде Петропавлдағы Ж.Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледжінің ардагерлері құрметке бөленді. Білім ұйымының студенттері зейнеткерлер үшін үлкен концерттік бағдарлама әзірлеп, марапаттарын ұсынды, деп жазады Qazaqstan Media.

Халықаралық қарттар күні 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми түрде бекітілген. Бұл күн 1991 жылдан бері қазан айының бірінші күні тойланып келеді.  

Мереке күні әр ұйым мен мекеме өздерінде адал әрі қажырлы еңбек еткен зейнеткерлерге құрмет көрсетіп құттықтайды. Бұл дәстрүрден Ж. Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледжінің ұжымы да жаңылмай, ардагерлерінің басын қосты.

«Біздің колледждің 100 жылдық тарихы бар. Осы уақыт аралығында білім ошағынан 25 мыңнан астам студент білім алып шықты. Біз өзімізде еңбек еткен жандарды ешқашан ұмытқан емеспіз. Осы жылы да зейнеткерлеріміздің басын қосып, мерекелік кеш ұйымдастырып отырмыз. Бастысы ардагерлерімізгеқұрмет көрсетіп, мереке күні тамаша көңіл-күй сыйлау», — деді колледж директоры Айзар Мұқашев.

Мерекелік кеште орта арнайы білім беру мекемесінің студенттері өнер көрсетті. Ән-жырмен қатар, қазыналы қариялар туралы жазған ақындардың туындылары да оқылды. Оған қоса колледж басшылығы зейнеткерлерге талай жылғы адал және қажырлы еңбектері үшін алғыс хаттар табыстады.

«Мен бұл колледжде әкімшілік бөлімде қызмет еттім. Зейнетке шықсам да жыл сайын бізді құттықтап тұрады. Сол үшін алғыс айтамын. Замандастарымды, әріптестерімді көріп марқайып қалдым. Бізге көңіл бөліп, шақырғандарының өзі біз үшін үлкен қуаныш, мереке. Барлық қариядарды бүгінгі мейраммен құттықтаймын. Бастысы денсаулығымыз мықты болсын», деп өз сезімімен бөлісті Марал Мейрамғалиева.

Сонымен қатар, зейнеткерлер үшін коллдеж мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыз: СҚО-да жұмысшы топырақ астында қалып, көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x