Петропавлда массаж салондарының бірінде шетелдік  келіншек заңсыз қызмет көрсеткен. Олар көші-қон заңнамасын бұзған және біліктіліктері бюар анықтамасыз клиенттерді қабылдаған, деп жазады Qazaqstan Media.

Қараша айының басында көші-қон қызметінің мамандары бірнеше шетелдік азаматтың Қазақстан аумағында еңбек етуге қажетті құжаттары жоқ екенін анықтады. Олар массаж  салонында қызмет көрсетіп келген.

Олардың арасында Тайланд корольдігінің азаматшалары бар. Олар  49 жастағы Сомжаи Тхапорн, 48 жастағы Саенгдао Тангчай және 41 жастағы Кванта Сритин.  Белгілі болғандай, олар тиісті біліктілік туралы анықтамасыз массаж қызметтерін көрсеткен.Әрқайсысына қатысты іс жеке қаралғанымен, жағдайлары ұқсас.

«Тайланд Корольдігінің азаматы Тхапорн С. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзды. Оған қоса,  еңбек қызметін өз бетінше жүзеге асыру үшін міндетті болып табылатын біліктілікке сәйкестік туралы анықтама алмаған. Ол  спа-салонда массажист ретінде жұмыс істеген», – делінген сот материалында.

Айта кетейік, сот процесі орыс тілінде жүргізілді.

Шетелдік азаматтардың әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша сараланды. Бұл норма — шетелдіктердің Қазақстанда тиісті біліктілік туралы анықтамасыз жұмыс істеуі сияқты көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін қамтиды. Мұндай құжат елге келген азаматтар үшін міндетті.

Сот материалдарымен танысқаннан кейін, әрбір құқық бұзушы 98 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді.

Тағы оқыңыз: Онкологиялық орталықтағы желілік үдеткіштің көмегімен 400-ге жуық жерлесіміз ем қабылдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *