Петропавлда салынып жатқан көпсалалы аурухана 2025 жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңірде өткен халықаралық инвестициялық – құрылыс форумы барысында түркиялық компанияның өкілі Юсуф Ейидемир мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Түрік инвесторлары 2019 жылы Петропавлда көпсалалы облыстық аурухананың құрылысын бастаған еді. Алайда көп ұзамай жұмыс тоқтап қалды. Бірақ мердігерлер алдағы уақытта медициналық мекемедегі құрылыс қайтадан жанданады деп отыр.
«Көпсалалы аурхананы 2025 жылдың 3 тоқсанында пайдалануға береміз. Жалпы, бұл саладағы тәжірибеміз мол. Біз дәл осындай көпсалалы аурухананы Түркістан және Астана қалаларында да салдық. Басқа да елдерде осындай жобалар іске асырылды», — деді Юсуф Ейидемир.
Тағы оқыңыз:Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 %-ға өседі