Петропавлдағы жаңа көпбейінді аурухананы YDA Holding түрік компаниясы салып жатыр. Медициналық нысанның алғашқы іргетасы 2019 жылдың соңында қаланған болатын. Содан бері жұмыс қарқыны баяулап, құрылыс әлі аяқталмай келеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Жоба бойынша аурухана 480 орынға есептелген. Жеті қабатты ғимаратта терапия, кардиология, онкология бөлімдері, перинаталдық орталық және хирургиялық кешен орналастырылады деп жоспарланған. Ауруханаға заманауи жабдықтар толық орнатылатын болады.

Аурухана аумағында санитарлық авиацияға арналған арнайы орталық ашылып, талдау нәтижелерін бір жерден алу үшін үлкен зертхана да ұйымдастырылады. Мұның бәрі жобалық құжаттарда көрсетілген. Алайда әзірге толық жүзеге асқан жоқ.

2022 жылы құрылыс жұмыстары құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты тоқтап қалды. 2023 жылдың тамызында жұмыстардың жартысы орындалды деген ақпарат берілді.

Петропавлдағы көпбейінді аурухананың құрылысы 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады
Петропавлдағы көпбейінді аурухананың құрылысы 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады

Облыс әкімі қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 95 пайызы орындалғанын айтады. Ал құрылысты жүргізіп отырған компания көпбейінді аурухананы 1,5 жылдың ішінде тапсыруға уәде беріп отыр.

«Барлығыңыздың жақсы жаңалықты күтіп отырғандарыңызды білемін. Аурухананың құрылысын 2026 жылдың желтоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деп нақтылады YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арслан.

Аурухана жобасының бастапқы сметалық құны – 144 миллиард теңге.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Мағжан орталығы ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *