Петропавлдағы ерекше экспонаттарға толы Ислам мәдениеті музейінде Құрандар көрмесі ашылды. Шараға «Ұлы дала өркениеті: мәңгілік мұра» тақырыбы берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көрменің мақсаты — ислам мәдениетінің бай мұрасын кеңінен таныстыру, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру. Одан қалды, Ұлы даланың өркениет мұрасын дәріптеу.

Петропавлдағы Ислам мәдениеті музейінде Құрандар көрмесі ашылды
Петропавлдағы Ислам мәдениеті музейінде Құрандар көрмесі ашылды

«Көрмеде төрт түрлі баспадан шыққан Құрандар қойылды. Оның ішінде Иран, БАӘ-ден әкелінгендері де бар. Көрме 2 апта бойы жалғасады. Келіп көрем деушілерге есік әр кез ашық,- деді Ислам мәдениеті музейінің директоры Мұрат Әміржанов.

Ислам мәдениеті музейі 2023 жылы ашылды. Мұнда өткен ғасырларда Петропавл қаласында болған мешіттердің тарихы жайлы ақпараттар бар. Тарихи нысан өткеннен сыр шертеді. Кіреберісінде ғимараттың қалыптасу тарихы жазылған құжат тұр. Ал ішкі залда Құран, діни кітаптар мен бірнеше құнды дүние көзге түседі. Көрме теріскей жұртына жақсы таныс Жақсыбай Самраттың көңілінен шыққан.

Петропавлдағы Ислам мәдениеті музейінде Құрандар көрмесі ашылды
Петропавлдағы Ислам мәдениеті музейінде Құрандар көрмесі ашылды

«Талай рет осы музей жайлы жаңалыққа шығардым. Тарихи нысанға келген жан ерекше әсер алады. Жастарға мұражайға жиі келіп, тәрбиеге толы экспонаттарды көріп, оқығанын қалаймын»,- деді Жақсыбай Самрат.

Шараға Мағжан сенген жастар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Тағы оқыңыз: Биыл СҚО-да мың шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *