Петропавлдағы екі ауданның мәселесін депутаттықа кандидат Дамир Абдин шешуге ниетті

Сегізінші желтоқсанда Петропавлда № 5 бір мандатты сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына сайлау өтеді. Бұл учаскеге 19 және 20 шағын аудандар кіреді. Қаланың осы шалғай аудандарын абаттандыруға ниетті кандидаттардың бірі — Дамир Абдин, деп хабарлайды Qazaqstan  Media тілшісі.

Дамир Абдинді қала жұртшылығы жақсы таниды. Ол Петропавл жастар ресурстық орталығын басқарады, Сондай-ақ Дамир «Көмек жаныңызда» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі. Оның құрамында жүзден астам ерікті бар. Сондықтан ол петропавлдықтардың проблемаларымен жақсы таныс.

«Қала тұрғындарының проблемалары бірдей. Барлығы жолдардың сапасына, ойын алаңдарының жай-күйіне, қоғамдық көліктердің жұмысына алаңдаушылық танытады», — дейді Дамир Абдин.

Депутаттыққа кандидат сайланған жағдайда дәл осы мәселелерді шешуді жоспарлап отыр.

Дамир Абдин 29 жаста. Ол көп балалы отбасынан шыққан. Мағжан Жұмабаев ауданы Надежка ауылында туған. Мамандығы бойынша технолог-менеджер. Ол аспазшы және кондитер болып жұмыс істеді. Бір кездері Дамир Петропавл әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, бақылау және ақпарат бөлімінің инспекторы да болған. Ал қалалық жастар ресурстық орталығын екі жылдан бері басқарып келеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда мас жасөспірімдер жұрттың мазасын алды  

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x