Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында жаңа мектеп салынады

Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында жаңа мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы тамыз кеңесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа.

Тамыз кеңесінде педагогтардың алдында сөз сөйлеген Марат Тасмағанбетов алдымен білім саласына бөлініп жатқан қаражат жайына тоқталды. Соңғы үш жыл ішінде бюджеттен бөлінген қаржы 58,7 пайызға өсіп, 58,2 млрд теңгені құраған. Ол жаңа мектептер салуға олардың инфроқұрылымы мен матриалдық базасын жақсартуға жұмсалып жатыр, деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

«Жалпы үш жыл ішінде біз 7 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Жаңадан салынып жатқан Бірлік шағын ауданында 90 орынға шақталған балабақша салынып жатыр. Сонымен қатар 600 балаға арналған мектептің құрылысы басталады», — деді Марат Тасмағанбетов.

Ал облыс орталығында жаңа балабақша соңғы рет осыдан сегіз жыл бұрын салынып, ашылған екен. Қазіргі таңда Петропавлда мектепке дейін білім беру мекемелеріне кезек үлкен. Осыны ескере отыра шаһарда екі балабақша салынбақ. Ол — Жас өркенде 280 орынға шақталған және Береке ауданында 140 балаға арналған нысан бой көтереді.

Тағы оқыңыз: Есептен жаңылды: СҚО-ның білім басқармасы мектеп асханаларын жалға алушыларға қаржыны дұрыс төлемей келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x