Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шаһардың көркі саналатын Қазақстан Конституциясы көшесін қайта қалыпқа келтіру жұмыстарымен танысты. Мұндағы шаруа қарқынды жүріп жатыр. Басты алаңдағы құрылыс жұмыстар тамыздың 13-не дейін аяқталуы тиіс, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазақстандағы ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі жаңаланапы жатыр. Жұмыстар мамар айында басталған болатын. Жоба үш кезең бойынша іске асырылады. Қазірдің өзіңде көзделген 35 мың шаршы метр кеспе тастың 25 мыңға жуығы төселді.

Петропавлдағы басты көшені жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын
Петропавлдағы басты көшені жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын

«Көше жарығы мен орындықтар толығымен жаңартылды, аумақта жасыл желек көбейді. Халықты ақпараттандыруға арналған заманауи жарнамалық экран қойылды. Жаңашылдық арқылы ауа температурасы мен уақыт және түрлі бейнероликтер көрсетіледі»,- деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Қазақстан Конституциясы көшесіндегі басты алаңда алыстан көз тартатын, балаларға шаттық сыйлайтын субұрқақ салынып жатыр. Ол тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Түнде айналаға көрік беру үшін жан-жағына түрлі-түсті шамдар орнатылады.
Қаламыздың басты көшесінің бойында түрлі дәмханалар ашылады. Қазіргі тамақтану орындарына кәсіпкерлер күрделі жөндеуден өткізеді. Осылайша, Қазақстан Конституциясы көшесі адам танымастай өзгереді.

Тексеріс жұмыстары барысында өңір жетекшісі бірқатар олқылықтарды анықтады. Кейбір істер жоспар бойынша жүргізіліп жатқан жоқ. Жауапты серіктестіктер қажетті құрал-жабдықтар кешігіп келіп жатыр, деп ақталды.

Петропавлдағы басты көшені жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын
Петропавлдағы басты көшені жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын

«Басты алаң алдындағы жұмыс тамыздың 13-не дейін аяқталуы тиіс. Серік Мақсұтұлы жұмысты жіті қадағалаңыз. Басты көше қала тұрғындары мен қонақтарының емін-еркін серуендеуіне, демалуына арналғандықтан әр іс сапалы жасалуы тиіс»,- деді өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Көшедегі жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңін қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі: Тепличное мен Прибрежное ауылдарындағы бөгеттерді жаңалау биыл аяқталуы тиіс

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *