Петропавлдағы Абай мен Пушкин ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
«Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік — 90 жыл» атты республикалық экспедиция мүшелері бүгін Петропавл қаласының тарихи нысандарын аралады. Қонақтар сапар барысында Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Абай мен Пушкин» ескерткіші екі елдің ұлы ақын-жазушыларына көрсетілген құрметтің дәлелі десе де болады. Нар тұлғалар — бір елді біртуар азаматтары. Келген меймандар жазушының қазақ халқы үшін орны ерекше екенін атап өтті.
Петропавлдағы Абай мен Пушкин ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
«Қазақ ұлт-санасының қалыптасу көкжиегінде Абай Құнанбайұлының орны ерекше. Ол болмаса халқымыздың дамуы біршама жылға артта қалар еді. Қызылжар келіп ұлы тұлғаның ескерткішіне тағзым етпесек ұят болар еді», — деді деді этнограф Үзен Тоқтарбай.
Шараға облыс әкімінің Жүсіп Жұмағұлов қатысты. Зиялы қауым өкілдері мен студенттер де бой көрсетті. Меймандар өңірге тегіннен тегін келмеген. Олар облыста Зейнолла Сәніктің кеңінен дәріптелгенін қалайды.
Бүгін республикалық экспедия мүшелері жергілікті университеттің басшылығымен кездескен болатын. Нәтижесінде алдағы уақытта білім ордасының қабырғасында Зейнолла Сәнік атындағы аудитория ашылады.