Балалық өмір аяқталып, үлкен өмірге қадам басты. 6637 әскери бөлімінде 140 жауынгер ант қабылдады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қаз-қатар тұрған жігіттер үшін бүгін маңызды күн. Олар ант қабылдап, елге адал қызмет ету үшін серт бермекші. Иван Походенко — 19 жаста. Ол Астана қаласынан келіп отыр. Сарбаз осы салада өмір бойы қызмет еткісі келеді.

Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінде 140 сарбаз ант қабылдады
Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінде 140 сарбаз ант қабылдады

«Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер азаматтың парызы. Бөлімде бәрі жақсы. Бізге бар жағдай жасалған. Ең бастысы тәртіп бар. Бәрін уақытында істейміз. Бүгін ата-анамды көріп қатты қуанып отырмын», — деді ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің жауынгері Иван Походенко.

Жалпы, шаһардағы 6637 әскери бөліміне жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық жауынгер келіп, Отан алдындағы борыштарын өтейді. Жігіттерді көру үшін алыс-жақыннан олардың туған туыстары жүздеген, мыңдаған шақырымды артқа тастап келіп отыр. Біреуі баласының, енді бірі немересінің ант қабылдағанын көріп, төбелері бір елі көкке жетпей тұр.

Сарбаздар ант қабылдағаннан кейін жақындарымен қауышты. Естеріңізге сала кетейік, 6637 әскери бөлімінің жауынгерлері қала көшелеріндегі және түзету мекемесіндегі тәртіпті қамтамасыз етеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда болашақ IT-мамандары сайысқа түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *