Халықаралық Қарттар күнінде №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде «Қариялар аллеясы» ашылды. Бүгін демалыс орнына 10 қайың ағашы отырғызылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ардагер ұстаздар мен мектеп ұжымы білім ұясының айналасы жасыл желекке толып тұрғанын қалайды. Сондықтан да осындай шараларды жиі ұйымдастырады. Игі бастаманың басты мақсаты — табиғатты аялау, жас ұрпаққа қажырлы еңбек пен бірліктің үлгісін көрсету.

Шара барысында бірде-бір адам бос тұрмады. Бірі күрек ұстап жер қазса, енді бірі шелекпен су құйды. Жұмыла атқарған жұмыстың нәтижесінде мектептің айналасына 10 қайың ағашы егілді.

Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде «Қариялар аллеясы» ашылды
Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде «Қариялар аллеясы» ашылды

«Біз бұл шара арқылы мектептің айналасын жасыл желекпен толтырыр қана қоймай, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясын қолдадық. Бұл ағаштар өссе айналамыздың әсем болып, таза ауамен тыныстай аламыз», — деді мектеп директоры Ләззат Жалмұқанова.

Игі шарадан кейін ардагерлер ұстаздарға арналып концерт ұйымдастырылды. Бірнеше зейнеткерге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.

Тағы оқыңыз: Медициналық колледж ұжымы ардагер ұстаздарын мерекемен құттықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *