Петропавлдағы 1-ші қалалық ауруханада аудиторлық тексеріс жүргізілген. Оның қорытындысы бүгін СҚО тексеру комиссиясының отырысында жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бір айта кетерлігі тексеріс нәтижесі көңіл көншітпейді. Емдеу мекемесінде бірқатар олқылықтар анықталған. Олар жайлы облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Тұрсынов айтып берді. Айталық, 1-ші қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің жұмысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған.

«Қабылдау бөлімшесінде реанимация палатасы болмады. Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықтар мен қажетті медициналық бұйымдар диагностикалық палатада анықталған. Сондай-ақ аудит барысында сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша тамақтану сапасын жақсарту, төсек-орын жабдықтарын алмастыру, медициналық палаталарда дәрігерді шақыру түймелерін орнату бойынша ұсыныстар берілді. Бұдан бөлек, емделушілер медбикелердің жұмысына шағымданды. Олардың айтуынша, қызметкерлер пациенттерге нашар қарайтын көрінеді», — деді аудиторлық тексеріс нәтижесін баяндаған СҚО тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Тұрсынов.

Сондай-ақ аталған емдеу мекемесінде дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар дұрыс сақталмай келген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бизнесмендер сумен жабдықтау үшін алты жыл бойы негізсіз ақы төлеп келген  

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *